• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №19-1/446

270 рет
көрсетілді

2015 жылғы 18 мамыр, Астана қаласы Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1-тармағы­ның 22) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидалары бекiтілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е.Досаев 2015 жылғы 4 шілде «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі ____________ Қ.Қасымов 2015 жылғы 8 маусым «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ___________ В. Школьник 2015 жылғы 4 маусым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгілеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгілеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің (бұдан әрi – Кодекс) 37-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу тәртiбiн айқындайды. 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен мемлекеттік орман қоры құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау үшiн ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi. 3. Судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау үшiн шаруашылық қызметтiң арнайы режимi белгіленетiн су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына iргелес аумақ су қорғау аймағы болып табылады. 4. Су қорғау аймағы шегiнде шектеулi шаруашылық қызмет режимi белгіленген су объек­тiлерi iргелес, аумағының енi отыз бес метрден кем емес су қорғау белдеулерi ажыратылады. 5. Су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылықта пайдалану режимiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосымен, ал сел қаупi бар аудандарда – қосымша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келiсiлiп, бекiтiлген жобалау құжаттамасының негiзiнде белгiлейдi. 6. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн жобалауды мамандандырылған жобалау ұйымдары жүзеге асырады. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң жобаларына жергiлiктi атқарушы органдар, ал жекелеген су объектiлерi (немесе олардың учаскелерi) бойынша нақты объект бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қажеттiлiгiне мүдделi жеке және заңды тұлғалар да тапсырыс беруші болады. 2. Су қорғау аймақтарын белгiлеу тәртiбi 7. Әрбiр жағалау бойынша су қорғау аймағының ең тар енi көп жылдық межелік деңгейi кезiндегi су жиегiнен су тасқыны кезеңiндегi көп жылдық деңгейi кезiндегi су жиегiне дейiнгi (өзен жайылымын, жайылым жылғаларын, түпкi жағалауындағы тiк жарларды, шұңқырлар мен сайларды қоса алғанда) және мынадай қосымша қашықтықтар қоса есептелiп, белгiленедi: шағын өзендер (ұзындығы 200 километрге дейiн) үшiн – 500 метр; басқа өзендер үшін: шаруашылыққа пайдаланудың қарапайым жағдайлары мен су жинаудағы қолайлы экологиялық жағдайында – 500 метр; шаруашылыққа пайдаланудың күрделi жағдайлары мен су жинаудағы қауырт экологиялық жағдайында – 1000 метр. Салалардағы су қоймалары үшiн су қорғау аймағының ең тар енi ол орналасқан өзендегідей белгiленедi. Су қорғау аймағының iшкi шекарасы қалыпты тiрелген деңгейi кезiндегi су жиегi бойынша өтедi. Су құйылатын су қоймалары мен көлдер үшiн су қорғау аймағының ең тар енi су айдынының акваториясы екі шаршы километрге дейін – 300 метр және акваториясы екі шаршы километрден acca – 500 метр болып белгiленедi. Көлдер үшiн су қорғау аймағының iшкi шекарасы судың көп жылдық деңгейiнiң жағалаулық шегi бойынша өтедi. Су қорғау аймақтарының көрсетiлген көлемдерi су объектiсiнiң шаруашылық пайдалану маңызы мен сипатына, санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйiне, iргелес аумақтар мен объектiлердiң жергiлiктi физикалық-географиялық, топырақ, гидрологиялық, рельефтiк және басқа да жағдайларына қарай нақтыланады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының жерлерінде су қорғау аймағы және су объектілерінің жағалауларындағы белдеулер үшін жер учаскелері бөлінбейді. Табиғи және жасанды шептер немесе жоғарыда орналасқан аумақтардан (өзендер мен сайлардың бұрмалары, жол-көлiк желiсi, тоспалар, орманды алқаптардың мүйiстерi) сарқынды сулардың су объектiлерiне ағуы мүмкiндiгiн болдырмайтын кедергiлер су қорғау аймағының шекарасы болады. 3. Су қорғау белдеулерiн белгiлеу тәртiбi 8. Су қорғау белдеулерiнiң ең тар ені өзен бойы алаптарының нысаны мен типi, iргелес дөңдердiң тiкеңiстiгiн жағалаулар мен ауыл шаруашылығы алқаптары құрамының қайта өңделуi болжамын есепке ала отырып, айқындалады және барлық су объектiлерi үшiн мынадай мөлшерлерде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленедi. Су қорғау белдеулерінің мөлшерi он жылғы кезеңдегi жағалаудың табиғи өзгеруінің енiне көбейтіледi. Жағалауында ағаш-бұта немесе қорғаныштық және жағалауды бекiтетiн құрылыстар болған жағдайда құнды ауыл шаруашылығы алқаптарында су қорғау белдеулерi енiнiң азайтылуына рұқсат етіледi. 9. Елдi мекендер шегiнде су қорғау белдеулерiнiң шекарасы оларды салу мен жоспарлаудың нақты жағдайларын, су объектiсiнiң қоқыстануы және ластануын болдырмайтын жағалау аймағын мiндеттi түрде инженерлік немесе орман-мелиорациялық жайластыруды (парапеттер, орағытып өту, орман-бұта белдеулерi және тағы басқа) ескере отырып, белгiленедi. 4. Ерекше ережелер 10. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн ұйымдастыру суды кешендi түрде пайдалану мен қорғау схемаларында көзделген су жинаудағы су қорғау iс-шаралары кешенiмен бiрге жүргізіледі. 11. Су қорғау аймақтарын ұйымдастыру сумен жабдықтау, курорттық, сауықтыру және өзге де халық мұқтаждары үшiн пайдаланылатын су көздерiн санитариялық қорғау аймақтарын құру қажеттілiгiн жоққа шығармайды, олардың шекаралары мен мөлшерлерi Кодекстің 117-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленедi. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгілеу қағидаларына қосымша Су қорғау белдеулерiнің ең тар енi Су объектiлерi жағалауына іргелес алқаптар түрлерi Дөңдердiң тiкеңiстiгiне қарай су қорғау белдеуiнiң ең тар енi (метр) Жағалаудан еңiстiгi (нөлдiк еңiстік) Жағалауға еңiстiгi 3 градусқа дейiн 3 градустан астам Шабындық 35 55 100 Көгал, пiшендеме 35 50 75 Орман, бұта 35 35 55 Өзгелерi (қолайсыз алқап) 35 35 100 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11838 болып енгізілді.